Операторды нөмір бойынша анықтау

Нөмірді көшіру қызметі тегін көрсетіледі.

Мысалы: 7XX ххххххх

Iздеу нәтижесі :

Көрсетілген нөмір табылмады.

Нөмір қате берілген.

Оператор:

Нені білу қажет?

Өзіңізге қажетті ақпаратты таба алмасаңыз, бізбен 87070000101 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз

Қанша уақыт алады
Қанша уақыт алады

Сіздің нөмірді жаңа операторға көшіру туралы арызыңыз, сондай-ақ бұрынғы оператор тарапынан нөмірді ауыстыру мүмкіндігінің расталуы – бұрынғы байланыс операторымен келісім-шартты бұзуға негіз бола алады (растаған кезде бұрынғы оператор Сізге нөмірді көшіру үдерісінің басталуы туралы ақпараты бар смс хабарлама жібереді).

Арыз бере отырып, Сіз келесілерді жасай аласыз:

  • нөмірді дереу көшіруді пайдалану. Мұндай жағдайда көшіру уақыты – арыз берілген сәттен бастап  жұмыс сағатына дейін созылуы мүмкін.
  • арыз берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын, көшірудің қалаулы күнін көрсету.

Нөмір 30 минут ішінде көшіріледі, ал барлық қоңыраулар нөмірді көшіру барысы басталған уақыттан және нөмірдің көшірілгені туралы растауды алған уақыттан бастап 60 минутта көшірілген нөмірге бағытталатын болады.

Нөмірді 60 күнтізбелік күннің ішінде 1 реттен асырмай көшіруге болады.

Теңгерімдегі қаражаттың қалдығы
Теңгерімдегі қаражаттың қалдығы

Сіздің теңгеріміңіздегі қаражат бұрынғы байланыс операторында қалады. Бұл ретте Сіз ҚР заңнамасы шеңберінде мұндай қаражатты талап ету мүмкіндігін иемденесіз.

Көшірумен байланысты мәселелер
Көшірумен байланысты мәселелер

Егер келесі жағдайлар орындалмаған болса, нөмірді көшірумен байланысты мәселелер туындауы мүмкін:

  • өтініште ұсынылған деректерде қателер табылған болса (заңды тұлғаның атауы, БСН/ЖСН, көшіруге ұсынылған нөмірлердің тізімі)
  • нөмір соңғы 60 күнтізбелік күннің ішінде көшірілген болса
  • нөмірді көшіруге бұрын арыз берген болсаңыз және жаңа өтініш берген уақытта ол іске белсенді болса
  • бұрыңғы операторлар алдында қарызы болғанда
Қызмет құны
Қызмет құны

Нөмірді көшіру қызметі тегін көрсетіледі.

FAQ
FAQ

Мен операторды қандай жиілікпен ауыстыра аламын?
– 60 күнтізбелік күннің ішінде 1 реттен артық емес.

Басқа операторлардың нөмірлерін терген кезде қандай да бір хабарландыру бола ма?
– Жоқ, хабарландыру жасау жоспарланбаған.

Нөмірді көшіруге арналған өтінішті толтырған кезде тарифтік жоспарды және басқа да қосымша қызметтерді көрсету керек пе?
– Иә, Сіз өз қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын тарифтік жоспарды және қосымша қызметтерді таңдау мүмкіндігін иемденесіз.

Мен өз теңгерімімді бұрынғы операторымнан жаңа операторға көшіре аламын ба?
– Өкінішке орай, көшіре алмайсыз. Сіз бұрынғы операторыңызға өз теңгеріміңіздегі қалған қаражатты қайтару туралы өтінішпен жүгінуге тиіс боласыз

Мен жаңа нөмірдегі теңгерімді толтыруға тиіспін бе? Ол көшірілген нөмірге өтеді ме?
– Иә. Сіз толтырған теңгерім көшірілген нөмірде қолжетімді болады

Өтінішті беру үшін қандай деректер қажет?
– Заңды тұлғаның атауы, тіркеу барысында деректер базасында көрсетілгендерге сәйкес келуі, БСН, 8 немсе +7-сіз көрсетілген абоненттік нөмірлердің тізімі.

Tele2 қызмет көрсету орны

Алматы және Алматы облысы
  • Алматы және Алматы облысы
  • Ақтау және Маңғыстау облысы
  • Ақтөбе және Ақтөбе облысы
  • Астана және Ақмола облысы
  • Атырау және Атырау облысы
  • Қарағанды және Қарағанды облысы
  • Қостанай және Қостанай облысы
  • Қызылорда және Қызылорда облысы
  • Павлодар және Павлодар облысы
  • Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысы
  • Тараз және Жамбыл облысы
  • Шымкент және Оңтүстік-Қазақстан облысы
  • Өскемен және Шығыс Қазақстан облысы
  • Орал және Батыс Қазақстан облысы