Операторды нөмір бойынша анықтау

Нөмірді көшіру қызметі тегін көрсетіледі.

Мысалы: 7XX ххххххх

Iздеу нәтижесі :

Көрсетілген нөмір табылмады.

Нөмір қате берілген.

Оператор:

Нені білу қажет?

Өзіңізге қажетті ақпаратты таба алмасаңыз, бізбен 87070000101 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз,Tele2 абоненттері үшін 678 қысқа нөмірі бойынша.

Нөмірді аудару туралы өтініштерді тіркеу орындары
Нөмірді аудару туралы өтініштерді тіркеу орындары

Tele2 желісіне ауысу үшін, жақын орналасқан қызмет көрсету орнында нөмірді бұрынғы оператордан аудару туралы өтінішке қол қою керек. 

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.

Өтінішті Tele2 дилерлік салондары мен Технодом дүкендері желісінде беруге болады. Қызмет көрсету орындарының картасын төменде көре аласыз.

Теңгерімін қалай толтыруға болады?
Теңгерімін қалай толтыруға болады?

Теңгерімді Tele2 төлем картасымен, терминалдар немесе банктер арқылы толтыруға болады. Міндетті түрде операторды Tele2 деп таңдау қажет. Бірінші толтыруды біздің байланыс салонында жүзеге асырған дұрыс, нөмірді Tele2-ге ауыстыру аяқталған соң, уақытша нөмірдегі теңгерім ауыстырылғанға ауысады.

Қызметтің құны
Қызметтің құны

Нөмірді көшіру қызметі тегін көрсетіледі.

Уақытша нөмірлі   SIM-картаның құны 200 немесе 400 теңге, олар одан әрі пайдалану үшін теңгерімге есептеледі. Уақытша нөмірге есептелген қаражаттар негізге нөмірге ауысқаннан соң қалады.

Нөмірді көшіретін уақыт
Нөмірді көшіретін уақыт

Сіздің нөмірді жаңа операторға көшіру туралы арызыңыз, сондай-ақ бұрынғы оператор тарапынан нөмірді ауыстыру мүмкіндігінің расталуы – бұрынғы байланыс операторымен келісім-шартты бұзуға негіз бола алады (растаған кезде бұрынғы оператор Сізге нөмірді көшіру үдерісінің басталуы туралы ақпараты бар смс хабарлама жібереді).

Арыз бере отырып, Сіз келесілерді жасай аласыз:

  • нөмірді дереу көшіруді пайдалану. Мұндай жағдайда көшіру уақыты – арыз берілген сәттен бастап 4 жұмыс сағатына дейін созылуы мүмкін. Сіз уақытша нөмірі бар сим-карта аласыз, ол Сіздің бұрынғы нөміріңіз расталғаннан кейін автоматты түрде жойылады. Сіз уақытша нөмірден қоңыраулар жасау, смс хабарламаларын қабылдау және жіберу және мобильді Интернетті пайдалану мүмкіндігін иемдене аласыз, я болмаса
  • арыз берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын, көшірудің қалаулы күнін көрсету. Мұндай жағдайда да Сіз уақытша нөмірі бар сим-карта аласыз, оны Сіз өзіңіздің бұрынғы нөміріңіз іс жүзінде көшірілгенше пайдалана аласыз.

Көшіру аяқталғаннан кейін, жаңа байланыс операторы көшіру үдерісінің сәтті аяқталғандығы туралы смс-хабарлама жібереді. Бұл ретте, бұрынғы оператор Сіздің нөміріңізді көшіруден бас тартуы мүмкін (Көшірумен байланысты мәселелер бөлімін қараңыз). Мұндай жағдайда Сіз смс-хабарлама аласыз.

Нөмірді 60 күнтізбелік күннің ішінде 1 реттен асырмай көшіруге болады.

Нөмірді аударуда бас тарту
Нөмірді аударуда бас тарту

Егер келесі жағдайлар орындалмаған жағдайда, нөмірді көшірумен байланысты мәселелер туындауы мүмкін:

  • абонентті тіркеу деректері – Есімі, Тегі, төлқұжаттың/жеке куәліктің нөмірі сәйкес келмейтін болса. Бұл мәселені – бұрынғы байланыс операторына жүгініп, аталған нөмірді өз атына рәсімдеу арқылы шешуге болады;
  • Сіз кейінге қалдырылған күнімен нөмірді көшіруге бұрын арыз берген болсаңыз;
  • нөмір соңғы 60 күнтізбелік күннің ішінде көшірілген болса.
Бірнеше нөмірді көшіру туралы ақпарат
Бірнеше нөмірді көшіру туралы ақпарат

Егер бір жеке тұлғаға бірнеше нөмір рәсімделген болса, нөмірлердің қайда тіркелгеніне қарамастан, қызметтерді ұсынуға арналған өтінімді әрбір нөмір бойынша жеке толтыру қажет.

Теңгерімдегі қаражаттың қалдығы
Теңгерімдегі қаражаттың қалдығы

Сіздің теңгеріміңіздегі қаражат бұрынғы байланыс операторында қалады. Бұл ретте Сіз ҚР заңнамасы шеңберінде бұл қаражатты талап ету мүмкіндігін иемденесіз.

FAQ
FAQ

Нөмірді аударуды кім жүзеге асырады?         

– Кез-келген жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға нөмірді аударуды жүзеге асыра алады. Абоненттік нөмірді аудару мына талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:

  •  Нөмір Саған немесе Сенің компанияңа тіркелген болу қажет;
  • Абоненттік нөмірді аудару үшін соңғы аударған сәттен кем дегенде 60 күнтізбелік күн өту қажет.

Уақытша нөмір деген не?

– Уақытша нөмір – бұл Сен нақты аудару аяқталғанға дейін аударудың кез келген сатысында пайдалана алатын және байланыста бола алатын sim-карта.


Нөмірді аудару қалай жүзеге асады?

– Егер нөмір Сенің атыңа тіркелген болса және оператордың келісімшартында барлық ақпараттар сәйкес келсе, онда Саған Tele2 байланыс салонына жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен барып, келісімшартқа қол қойып және нөмірді аудару туралы өтініш қалдыру қажет. Жеке басты куәландыратын құжат ретінде: паспорт немесе жеке куәлікті алуға болады. Нөмірді аударуға өтінішті толтыру, тек Tele2 байланыс салонындарында немесе ресми дилерлерде және нөмір иесінің жеке қатысуымен жүзеге асырылады. Бірақ дилерден бұл қызметтің түрін көрсететіндігін анықтап сұрау керек. Телефон арқылы өтініштер қабылданбайды.

Tele2 байланыс салондарында Сенен міндетті түрде нөмірді қай күні ауыстыруды қалайтыныңды көрсетуді сұрайды. Ол кез келген күн болуы  мүмкін, бірақ келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 30 күннен кеш емес. Сондай-ақ, келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, Саған уақытша нөмірі бар Tele2 SIM-картасы беріледі. Бұл – нөмірді аударудың дұрыс өтуі үшін және Сен аударудың кез келген сатысында байланыста бола алуың үшін қажет. Дәл осы SIM-картаға болашақта «Сенің телефон нөмірің көшіріледі».  Өтінішке қол қойылған сәттен бастап, бірнеше сағат уақытты алатын, нөмірді көшіру үрдісі басталады. Операторды ауыстырмас бұрын Саған нөміріңе ауыстыру уақыты мен SIM-картаны белгіленген уақытта ауыстырып салу туралы ескертуі бар SMS-хабарлама жолданады. SMS-хабарламалар екі нөміріңізге жолданады.


Мен операторды қандай жиілікпен ауыстыра аламын?
– 60 күнтізбелік күннің ішінде 1 реттен артық емес.


Менің нөмірімді аудару мақұлданғанын қалай біле аламын?

– Сенің нөміріңе SMS-хабарлама жолданады.


Егер менің абоненттік бөлімшеге келуіме мүмкіндік болмаса, мен үшін біреу нөмірді аудара алады ма?

– Нөмірді аудару сенімді тұлға орындай алады, бірақ тек жарамды нотариалды куәландырылған сенімхат пен Нөмірдің иесінің (Абоненттің) және сенімді тұлғаның жеке басты куәландыратын құжаттары болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.


Менің нөмірім менің келісімімсіз аударыла алады ма?

– Нөмір тіркелген абоненттің (иесінің) өтініші бойынша және оның жеке қатысуымен ғана нөмір аудару жүзеге асырылады.


Басқа операторлардың нөмірлерін терген кезде қандай да бір хабарландыру болады ма?

– Жоқ, хабарландыру жасау жоспарланбаған.


Егер нөмірді аудару бірнеше сағат уақытты алса, мен осы уақыт аралығында қалай байланыста бола аламын?

– Нөміріңнің нақты аударылып болған сәтіне дейін Сен уақытша нөмірі бар SIM-картамен байланыс қызметтерімен пайдалана аласың.


Ұялы нөмірдің қай оператор желісінде қызмет атқарынын қалай біле аламын?

– Сен абоненттің қай желіде қызмет көрсетілетінін USSD команданың көмегімен біле аласың: *678*абонент нөмірі# қоңырау. Абонент нөмірінің форматы мына форматтарда көрсетілуі мүмкін:
8ХХХууууууу; 7ХХХууууууу; +7ХХХууууууу; ХХХууууууу, мұндағы ХХХ – ұялы оператордың коды, ууууууу – абонент нөмірі.

Немесе zaprosto.kz сайтындағы «Операторды нөмір бойынша анықтау» сілтемесі бойынша.


Нөмірді көшіруге арналған өтінішті толтырған кезде тарифтік жоспарды және басқа да қосымша қызметтерді көрсету керек пе?
– Иә, Сен өз қажеттіліктеріңді қанағаттандыратын тарифтік жоспарды және қосымша қызметтерді таңдау мүмкіндігін иемденесің.


Мен өз теңгерімімді бұрынғы операторымнан жаңа операторға көшіре аламын ба?
– Өкінішке орай, көшіре алмайсыз. Сен бұрынғы операторыңа өз теңгеріміңдегі қалған қаражатты қайтару туралы өтінішпен жүгінуге тиіссің.


Нөмірді аударғанға дейін менде болған қызметтер кейін де қолжетімді бола ма?

– Жаңа оператордың қызметтері алдыңғы операторға ауыспайды. Егер абонент уақытша нөмірі бар SIM-картаны таңдап Tele2 байланыс салондарында өтініш берсе, абонент «Tele2-дегі» қолжетімді барлық қызметтер мен өнімдерді таңдап, қосып ала алады, сондай ақ бірден теңгерімін толтыра алады. Абоненттік нөмірді аудару кезінде абоненттің өтініші өңдеуден өтіп болғаннан кейін уақытша нөмір абоненттік нөмірге ауыстырылады және аударудан кейін барлық қосылған қосымша қызметтер мен өнімдер абонент үшін жетімді болады. «Абоненттік нөмірді аудару» үрдісі аяқталғаннан кейін қосымша қызметтер мен өнімдерді қосытырып, сонымен қатар, теңгерімді толтырсаң болады.


Мен жаңа нөмірдегі теңгерімді толтыруға тиіспін ба? Ол көшірілген нөмірге өтеді ме?
– Иә. Сіз толтырған теңгерім көшірілген нөмірде қолжетімді болады.


Нөмірді аударған жағдайда SIM-картадағы контакттарым сақтала ма?

– Жоқ, нөмірді аударғанда Саған жаңа SIM-карта беріледі, ал контакттар бұрынғы оператордың SIM-картасында қалып қояды, бірақ Сен контакттарыңды бұрыңғы SIM-картаңнан телефонға көшіріп алсаң болады.


Маған қандай жағдайда нөмірді аударуда бас тартулары мүмкін?

– Нөмірді аудару мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
• Егер нөмір Сенің атыңа тіркелмеген болса;
• Алдыңғы абоненттік нөмірді аудару 60 күннен кем уақытта жүзеге асырылған болса;
• Бұл абоненттік нөмірдің басқа Операторға аудару туралы әлі белсенді өтініштің болуы.


Мен жаңа оператор желісіне ауыспас бұрын нөмірді аудару туралы өтініштен бас тартуыма бола ма?

– Иә, аударудан бас тарту мына жағдайда болады:

  • Кейінге қалдырылған күні бар өтініштің күні әлі жақындамаған кезде;
  • Алдыңғы оператор Tele2 желісіне нөмірді аудару өтінішін әлі растамаған кезде.

Өтініштен бас тарту үшін, Саған кезінде нөмірді аудару туралы өтінішті қалдырған Tele2 байланыс салонына жеке басты куәландыратын құжатпен бару керек. Саған өтінішті толтырып, нөмірді аударудан бас тарту себептерін көрсетіп, күні мен уақытын жазып, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беру қажет болады.


Ауыстырылған нөмірдің теңгерімін қалай толтыруға болады?

– Теңгерімді Tele2 төлем картасымен, терминалдар немесе банктер арқылы толтыруға болады. Міндетті түрде операторды Tele2 деп таңдау қажет. Бірінші толтыруды бірден уақытша нөмірді алған соң, жүзеге асырған дұрыс. Нөмірді Tele2-ге ауыстыру аяқталған соң, уақытша нөмірдегі теңгерім ауыстырылғанға ауысады.


Нөмірдің Def – коды сақтала ма?

– Иә, MNP-дің маңызы осыда – нақты абонент алдыңғы операторынан нөмірдің сақталуымен өтеді (ұялы оператор коды мен абоненттің нөмірінің сақталуымен). Мысалы, 8ХХХууууууу; 7ХХХууууууу; +7ХХХууууууу; ХХХууууууу, мұндағы ХХХ – ұялы оператордың коды, ууууууу – абоненттің нөмірі.

Tele2 қызмет көрсету орны

Алматы және Алматы облысы
  • Алматы және Алматы облысы
  • Ақтау және Маңғыстау облысы
  • Ақтөбе және Ақтөбе облысы
  • Астана және Ақмола облысы
  • Атырау және Атырау облысы
  • Қарағанды және Қарағанды облысы
  • Қостанай және Қостанай облысы
  • Қызылорда және Қызылорда облысы
  • Павлодар және Павлодар облысы
  • Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысы
  • Тараз және Жамбыл облысы
  • Шымкент және Оңтүстік-Қазақстан облысы
  • Өскемен және Шығыс Қазақстан облысы
  • Орал және Батыс Қазақстан облысы